Жансая Әбдімәлік Аустриядағы турнирде топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шахматшы Жансая Әбдімәлік 17-24 тамыз аралығында Венада өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше халықаралық «Vienna Open» турнирі аяқталды. «А» турниріне 398 шахматшы қатысты. Мен әйелдер арасындағы сайыста бірінші орынға ие болдым. Мен жинаған ұпай саны 2 мен 11-ні орын арасында ерлер жинаған ұпаймен тең болды», - деп жазды спортшы Инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар, отандасымыз қыздар арасындағы үздік нәтижесі үшін аты аңызға айналған Нана Александрияның қолынан арнайы сыйлық алды.

«Қолдау білдірген барлық жанкүйерге мың алғыс», - деді Жансая Әбдімәлік.

Еске сала кетсек, Қытайдың Хэншуе қаласында шахматттан өткен IMSA World Masters чемпионатында отандасымыз экс-чемпион Александра Костенюкті «алтынсыз» қалдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар