Жансая Әбдімәлік алматылықтармен бір уақыттағы шахмат ойынын өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 ақпан күні әлемнің шахматтан бірнеше дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік алматылықтармен бір уақыттағы ойын сеансын өткізеді.

«Сеансқа ниет білдірген барлық адамдар қатыса алады, қатысушыларды тіркеу жарыс орнында өткізіледі. Сеанс сағат 14:00-де басталады. Өткізілетін орны: MEGA Park сауда-ойын-сауық орталығы», - деп хабарлайды Жансая Әбдімәлік атындағы Шахмат академиясынан.

Жансая Әбдімәлік Қазақстанның тарихында әлемнің шахматтан бірінші чемпионы, 15 жарыстың (аймақтық және халықаралық) жеңімпазы, «Әйелдер арасында әлемдегі ең жас халықаралық шебер» және «Ең жас халықаралық гроссмейстер» болып табылады. Бір мезеттегі ойын сеансы - шахматтың танымалдылығын арттыру құралдарының бірі және кәсіби ойыншылар арасындағы игі дәстүр. Осылайша, бір уақыттағы ойынды шахматтан әлемнің барлық дерлік чемпиондары өткізген. Әуесқой ойыншылар үшін осындай сеанстар - жоғары деңгейдегі кәсіби ойыншымен ойнау мүмкіндігі. Жақсы ойыншылардың жеңіске жетуге үміті бар.

Соңғы жаңалықтар