Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.30 EUR 425.22
RUB 5.68 CNY 55.63
Jańalyqtar

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады

2019 жылғы 11 қаңтар 14:14 405
Бөлісіңіз:
Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жансая Әбдімәлік шахматтың барлық түрінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем рейтингінде көш бастады. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық шахматшы бұл биікке көтеріле алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жансая Әбдімәлік АҚШ-тағы беделді шахмат турниріне шақырту алды Әлем чемпионатында Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік бір-бірімен шахмат ойнады

«Қызым - менің мақтанышым. Ол үнемі еңбектенеді, шеберлігін тынымсыз жетілдіріп отырады. Осынау тарихи көрсеткіш - оның қыруар еңбегінің жемісі», - дейді спортшының әкесі Данияр Әшіров.

Жансая кішкентай күнінен шахмат ойнайды, 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір он сегізге толған бойжеткеннің қоржыны республикалық және халықаралық турнирлердің жүлделерімен толған.

«Мен үнемі ойынға барымды салуға тырысамын. Осы күнге жеткізген ата-анамның, бапкерлерімнің алдында борыштымын. Иә, бұл - жақсы нәтиже, бірақ тоқмейілсуге болмайды. Мен үшін ең бастысы - күн сайын кешегіге қарағанда жақсырақ ойнау», - дейді жас спортшы.

2018 жылдың қарашасында ересектер арасындағы әлем чемпионатында дебютін тойлаған Жансая Қазақстан шахматы тарихында ширек финалға шыққан алғашқы спортшы болды. Ал желтоқсан айында рапид және блиц бойынша өткен әлем чемпионатында әйелдер арасында жылдам шахматтан 6-орынды иеленді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT