Жансай Смағұлов «қола» жүлде үшін күресте Олимпиада чемпионына жол берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов (73 кг) Екатеринбургте (РФ) өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде қола медальға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Үшінші орын үшін өткен бәсекеде отандасымыз Италиядан келген Олимпиада чемпионы Фабио Базилеге ұпай саны бойынша есе жіберді. Осылайша, ҚР құрамасы жарыстың бірінші күнін бір алтын медальмен аяқтады. Оны 60 кг салмақта сынға түскен Елдос Сметов жеңіп алды.

Қазақстандықтардан басқа бүгін татамиге Гумар Қырғызбаев, Әйгерім Төреғожина, Севара Нышанбаева мен Назгүл Құбашева да өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар