Жаңөзендегі жарылыс орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзен қаласында болған жарылыс орнында Алматы, Ақтөбе қалаларынан келген сарапшылар жұмыс істепжатыр. Олар тұрғын үйде болған апаттың салдарын анықтамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат орнындағы жұмыстарды жүргізу үшін мамандарға барлық жағдай жасалған. Қала әкімінің орынбасары Жансейт Қайнарбаевтың басшылығымен техникалар жеткізілген. Арнайы шақырылған сарапшылардың жұмыстары 2-3 күнге созылуы мүмкін.

«Ал «ҚазтрансГазАймақ» Жаңаөзен газ шаруашылығы мамандары бұған дейін 16 үйде уақытша тоқтатылған газды қайта қосу жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан үй жайларынан айырылған тұрғындарға жаңа баспана алып беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін 2 пәтер иесінің атына жаңа баспана рәсімделді. Қалған зардап шеккендерге жақын күндері тұрғын-үй кілттері табысталатын болады», - делінген баспасөз мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар