Жанна Жибраева: Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы - әлем тарихындағы елеулі оқиға

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы әлем тарихындағы елеулі оқиға. Мұндай пікірді «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстелде халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының мүшесі Жанна Жибраева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ядролық қаруға қарсы қозғалыстың 1989 жылы басталғаны белгілі. Соның ішінде ақын Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» қозғалысын жақтаушылар көп болды. Солардың бірі мен едім. 2 миллионнан астам қазақстандық ядролық сынақтарға қарсы шықты. Осының нәтижесінде, Семей полигонында жоспарланған 18 сынақтың 11-і тоқтатылды», - дейді ол.

Жанна Жибраеваның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында аталған қозғалысты ең алғаш қолдаған – дәрігерлер. Олар бұқара халықтың денсаулығы үшін қам жеген. Ақ халаттылар қозғалыстың қарсылық шаралары мен митингтеріне үнемі қатысып, өздерінің азаматтық көзқарастарын ашық білдірді.

«1991 жылы 29 тамызда Семей полигонының жабылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі сіңді. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы әлем тарихындағы елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бұл елімізді халықаралық аренада бейбітсүйгіш, ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде танытты. Міне, осы айтулы датаға да биыл 30 жыл толып отыр. Әлі күнге дейін Қазақстанды мекен ететін түрлі этностар бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде», - дейді халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының мүшесі.


Соңғы жаңалықтар