+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Жанна Пірәлиева елордалықтарға: Індеттен келетін шығынды азайтуға көмектесіңіздер

2020 жылғы 29 қазан 11:55
Бөлісіңіз:
Жанна Пірәлиева елордалықтарға: Індеттен келетін шығынды азайтуға көмектесіңіздер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордалықтарды коронавирус індетінен аз шығынмен шығуға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
COVID-19: Еліміздегі 229 науқастың жағдайы нашар Көкшетауда 80 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған Биыл ЖРВИ, тұмау, коронавирус қатар жүреді, оған жеңіл-желпі қарауға болмайды – дәрігер

«Бүгінгі таңда елімізде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Еуропа елдерінде де карантин шаралары күшейтілуде. Кейбір қалаларда коменданттық сағат енгізілді. Кино және спорт залдар, театрлар қайтадан жабылып жатыр. Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 18-00-ге дейінгі жұмыс режиміне көшуде. 25 қазанда АҚШ-та коронавирустың тәуліктік рекордтық өсімі тіркелді. 24 сағаттың ішінде 83 753 жұқтыру оқиғасы анықталды. Көрші Ресейде коронавирус инфекциясын тіркеудің өсуі байқалады. Елде масканы міндетті түрде жаппай кию талабы да күшейтілді», - деді ол.

Осы ретте 2020 жылдың маусым-тамыз айларында Қазақстанда коронавирус инфекциясының күрт артқанын да еске салып өтті.

«Бүгінгі таңда елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды барлық күшімізбен сақтап қалуға тырысамыз. Сіздерден елді қорғап, әлемде орын алған жағдайдан аз шығынмен шығуға көмектесуіңізді сұраймыз», - деді Жанна Пірәлиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT