Жанкүйерлердің үмітін ақтауға тырысамыз - Андрей Карпович

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Оқжетпес» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Карпович алдағы маусымдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Команданың бас жаттықтырушысы ретінде өзіме қойылатын талаптарды жақсы білемін. Команда соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Бұл әрине, премьер-лигада тұрақты өнер көрсеткісі келетін команда үшін тиімсіз. Сондықтан, жақында оқу-жаттығу жиындарында команданы жасақтап, алдағы мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Әсіресе, үздіктер қатарына іліну үшін бар күшімізді саламыз. Ең басты клуб басшылығы мен жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысамыз, - деді Андрей Карпович.

Айта кетейік, бүгін «Оқжетпес» футбол клубының басшылығы БАҚ өкілдеріне команданың бас жаттықтырушы болып тағайындалған Андрей Карповичті таныстырды. Онда клуб басшылығы енді «Оқжетпестің» премьер-лигада 90 пайыз жаңа құраммен ойнайтынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар