+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегінің датасы өзгерді

2021 жылғы 25 ақпан 14:40
Бөлісіңіз:
Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегінің датасы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) кезекті жекпе-жегін «Алып кельт» лақап атымен танымал британдық Тайрон Маккенаға (21-2-1, 6КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен кездеседі Данияр Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін айқасатын жаңа қарсыласы белгілі болды Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды

Айқаста Ж. Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental чемпионы атағын қорғайтын болады.

Әуелде бұл жекпе-жек Дубайда (БАӘ) 12 наурызда өтеді деп жоспарланды. Бірақ кейінірек 3 сәуірге ауысты. Өтетін орны өзгерген жоқ.

Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO чемпионы, америкалық Джамел Херринг (22-2, 10КО) пен жартылай жеңіл салмақтағы IBF экс-әлем чемпионы, британдық Карл Фрэмптон (28-2, 16КО) арасында өтеді.

Тұраров үшін бұл 2019 жылдың шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жек. Сол кезде ол Нұр-Сұлтанда аргентиналық боксшы Мауро Максимилиано Годойды (32-6-1, 17КО) үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT