Жанқош Тұраровтың қарсыласы рингке қазақтың шапанын киіп шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (21-0, 15КО) аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйды (21-4-0, 18 КО) айқын басымдықпен жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ боксшысы бірінші раундтан бастап ашық бокстасып, өзінің жойқын соққыларын діттеген жеріне жеткізе білді. Аргентиналық боксшы бір-екі рет есеңгіреп қалды.

Екінші раундта да Жанқоштың шеберлігі басым болды. Артынан қарсыласын әбден сабады. Бруно Ромэй қорғаныстан шықпай, арасында джебпен жауап беріп отырды. Жанқош екі қолын ербеңдетіп, Бруноны ширақ қимылдауға да шақырды.

Алтыншы раундтқа таман аргентиналық боксшының сол көзі ісіп кетті. Дегенмен, ол өзінің сылбыр тактикасынан айныған жоқ. Осыдан кейін Тұраров екі қолын түсіріп көрді. Алайда Бруно өз соққыларын дарыта алмады. Жанқош болса, үш бірдей апперкотын қатар өткізе білді.

Бұл жолы қазақстандық боксшы нокаутпен жеңбесе де, ұпай саны бойынша ұтты. Жекпе-жектің аяғына қарай аргентиналық боксшының сол көзі мүлдем жабылып қалды.



«Мен алтыншы раунд басталғанда оң қолымды сындырып алдым. Қазір қолымның сынып қалғанын сезіп тұрмын. Содан тек сол қолмен ғана ұруға тура келді. Енді, бұл да - тағдыр. Қайырлы жеңіс болды. Мен үшін он раундтық жекпе-жек - үлкен сабақ. Спорт мансабымда ондай әлі болмаған», - дейді Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.



Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүргізіледі.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласыннокаутпен жеңді.

Ал «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді.

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті.

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Нұрсұлтан Жаңабаев та өз уәдесін орындап шықты.

Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаевтөртінші жеңісіне қол жеткізді.

Жәнібек Әлімxанұлы болса, кәсіби бокстағы екінші жеңісіне жетті.

Соңғы жаңалықтар