Жанқош Тұраровтың қарсыласы Қазақстанға ұшып келді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жанқош Тұраровты титулдық жекпе-жекте тізе бүктіріп, белбеуді алып кетем деп сенімділік танытқан Лиус Энрике Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайдан күтіп алған MOVIDA Promotions өкілдерінің айтуынша, испаниялық боксшы көңілді көрінеді.
Айқасқа сақадай саймын әрі өз жеңісіме сенімдімін деп қысқа жауап қайырды Луис Энрике.
11 желтоқсан күні кәсіпқой бокс шоуының басты жекпе-жегі жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) пен азулы испаниялық Луис Энрике Ромеро (11-5-1, 7 КО) арасында өтеді. Қауіпті әрі аса тартысты болатын бұл айқаста IBO Intercontinental чемпиондық титулы бәске тігілген.
Луис Энрике өзінің DAZN аясында өткен соңғы жекпе-жегінде мықты румындық ринг шеберін нокаутпен жеңіп, әлемдік Boxrec рейтингіндегі ТОП-60 боксшының қатарына кірді.
Кәсіпқой бокс кешін, әйгілі DAZN стримингтік сервисі тікелей трансляцияда жаһанның 100 миллион аудиториясына таратпақшы. Бұл ел спорты тарихындағы елеулі оқиғаның бірі әрі беделді спорт платформасының еліміздегі алғашқы эфирі.
Жанкүйерлер бокс кешінде Елхан Табынбаев (5-0, 3 КО) пен бразилиялық Матэус Да Сильвамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады.
Ангелина Лукас (2-0, 1 KO) осы кеште танзаниялық мінезді қыз Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) UBO чемпиондық титтулын сарапқа салады.
Бұл бокс кешінің төрінде Әлихан Төленбаев (2-0, 1 КО) пен Адлан Сельмурзаев (4-0, 3 КО) секілді қылыштай жарқылдаған жастарымыз да өнерін көрсетеді.
Бұған дейін 11 желтоқсан күні Қазақстандық боксшылар Алматыда титулдық жекпе-жек өткізетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Бокс кеші «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.


Фото: instagram.com/movidapromotions


Соңғы жаңалықтар