Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, қазақстандық айқын фаворит саналды. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген және Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталды, оның қарсыласы оныншы раундтың басында ойыннан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуін жеңіп алды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар