Жаңқош Тұраров танымал промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - MTK Global менеджерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровпен (22-0,15КО) келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында жарияланғандай, «Da Kazakh Kid» лақап атпен белгілі Ж.Тұраров Сұлтан Зауырбек, Нұртас Ажбенов, Виктор Коточигов және Әбілқайыр Шегалиев қатарлы боксшылары бар МТК Қазақстан контингентіне қосылғалы отыр.

«Бұл мен үшін керемет жаңалық! MTK Global - әлем боксындағы үздік менеджерлік команда екеніне сенемін. Олармен бірге жұмыс істеуге асықпын. Көптеген қазақстандық боксшылар мен нұсқаушылардан MTK Kazakhstan-ның болашағы жарқын екенін естігенмін. Түбі әлем чемпионы атанатыныма сенімдімі», - деді Жаңқош Тұраров.

МТК Қазақстан контингентінің құрамындағы Асқар Салықбаев оның әлеуетіне сеніп отыр.

«Ол Қазақстанның ең дарынды боксшыларының бірі. Бар күш-қуатын, әлеуетін енді көрсетер деген үміттеміз», - дейді ол.

«Тұраров қазіргі уақытта Флоридада. Ол АҚШ, Колумбия, Доминикан Республикасы мен өз Отанында бірнеше рет шаршы алаңға шығып, мықты екенін дәлелдеді. Ол соңғы рет рингке 2017 жылдың қыркүйегінде Бруно Леонардо Ромэйге (21-4-0, 18 КО) қарсы шыққан болатын», - делінген «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында

Боксшымыз бұл айқаста аргентиналық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар