Жаңқош Тұраров шаршы алаңға қараша айында оралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 22 қарашасында Лондондағы «York Hall» спорт орталығында «MTK Global» компаниясы өткізетін «Golden Contract» бокс турнирінің бірінші орта салмақтағы жекпе-жектері ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасы хабарлағандай, бокс кешіне жеті боксшы қатысатынын растаған. Олардың ішінде қазақстандық Жаңқош Тұраров та бар. Одан бөлек, турнирде Охара Дэвис, Тайрон МакКенн, Аким Эннис Браун, Мохамед Мимоуна, Энтони Йигит пен Даррен Суртис өнер көрсетеді.

Ең қызығы, аталмыш турнирде боксшылар өз қарсыласының есімін айқасқа бір апта ғана қалғанда біледі.

Турнирді америкалық ESPN мен британдық Sky Sports телеарнасы көрсетеді.

Еске сала кетсек, соңғы жекпе-жегін Жаңқош Тұраров Максимилиано Годойға (31-4-1, 16 КО) қарсы өткізген еді. Тұраров жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental екінші деңгейлі титулы үшін айқаста аргентиналықты нокаутпен жеңді.


Соңғы жаңалықтар