Жанқош Тұраров пен оның қарсыласы титулдық жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен бразилиялық Хаоким Карнейро титулдық жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы қазақстандықтың Инстаграм әлеуметтік желісіндегі аккаунтында хабарланды.

Бұған дейін 25 жастағы Ж.Тұраров пен 28 жастағы Х.Карнейроның арасындағы жекпе-жек 29 қаңтарда Нью-Йоркте өтетіні белгілі болған. National Boxing Association (NBA) нұсқасы бойынша әлем чемпионының бос белдігі үшін 12 раундтық жекпе-жек жартылай орташа салмақ санатында (147 фунт - 66,7 келіге дейін) өтпек.

Қазақстандық боксшының есебінде 17 жекпе-жек бар, бірде-бір рет жеңілмеген, соның 12-сінде нокаутпен жеңіске қол жеткізген. Бразилиялықтың есебінде барлығы 28 жекпе-жек, 22 жеңіс бар, соның 20-сын уақытынан бұрын аяқтаған, алты рет жеңілген.

Соңғы жаңалықтар