Жанқош Тұраров мысырлық боксшыны 45 секундта үйіне қайтарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елорданың Ж.Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған бокс кешінде белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен мысырлық Абдумонем Саид қолғап түйістірді.

10 раундық жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ қазақстандық спортшы қарсыласына бауырдан ауыр соққы жасап, кездесуді ерте аяқтады.

Айқас 45 секунд ішіндпе тәмам болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен аяқтап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.



Соңғы жаңалықтар