+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Жаңқош Тұраров: Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым

2019 жылғы 20 мамыр 17:30
Бөлісіңіз:
Жаңқош Тұраров: Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір жарым жыл бойы шаршы алаңға шықпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров алдағы екі айдың ішінде Англия мен Қазақстанда өтетін жекпе-жектеріне қалай дайындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір жарым жыл уақыт боксқа шықпадым. Десе де, жаттығуды үзген жоқпын. Өз бабымдамын. Бокс маған жат емес. Өмірімді осы спортқа арнадым десем де болады. 13 жастан спортты бастағанмын. Бір жарым жыл деген маған ештеңе емес. Алла қаласа, әлемдік белдіктерді аламыз деген ойымыз бар. 6 шілдедегі елордадағы жекпе-жекке дейін Англияда рейтингтік кездесу өткіземін. Дайындық өте тамаша. Бәріне дайынбыз», - деді Жаңқош Тұраров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Боксшы өз сөзінде боксқа келгеннен бастап әлем чемпионы болу мақсатынан қайтпағанын атап өтті.

«Сәтін салса, МТК Қазақстан менеджерлік компаниясымен жақын уақытта келісімге келдік. Мен үшін өте үлкен қуанышты жаңалық. Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым», - деді Жаңқош Тұраров.

Еске сала кетсек, елордада 6 шілдеде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол күні Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар өнер көрсетпек.

Жаңқош Тұраров (22-0, 15КО) 6 шілде күні елордада өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімге келуі Жаңқош Тұраровқа жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT