Жәнібек Әлімxанұлы өз жанкүйерлеріне бейнеүндеу жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақ боксшысы АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен жекпе-жекте екі титулдық белбеуді жеңіп алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бұл - менің ғана жеңісім емес, сіздердің де жеңістеріңіз! Мынау менің алғашқы он раундық жекпе-жегім, бұл он раундта толығымен бокстасып, жинаған тәжірибемізді көрсетіп жатырмыз. Құдай қаласа, алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдап, бұдан да үлкен жекпе-жектер өткізіп, жеңіске жетеміз!", - деді Ж.Әлімxанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Жәнібек Әлімxанұлы кәсіби бокстағы он раундық жекпе-жекті алғаш рет өткізіп, мексикалық Кристиан Оливасты (16-4, 13 КО) ұпай санымен жеңді. Осылайша, екі бірдей титул - орта салмақтағы WBO Global мен WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Соңғы жаңалықтар