+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімxанұлы екі титулдық белбеуді жеңіп алды

2019 жылғы 13 сәуір 08:57
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімxанұлы екі титулдық белбеуді жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте Жәнібек Әлімxанұлы Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасты. Ал сарапқа бірден екі титул - орта салмақтағы WBO Global мен WBC Continental Americas белбеулері салынды. Бірінші раундта екі боксшы бір-бірін зерттеп жүрді. Жәнібек Әлімxанұлы шегініп жүрсе де, бірнеше рет дәл соққы жасай білді. Кристиан Оливас болса, екі қолын түсірмей, барынша қысым көрсетуге тырысты. Алайда қазақ боксшысы жылдам джебтерімен қарсыластың қорғанысын оңай бұзып, тіпті үшінші раундта ашық шабуылға көшті. Әдемі апперкоттары да өтті. Осыдан кейін Жәнібек Әлімxанұлының боксында еркіндік сезіле бастады. Қарсыласын айналып жүріп, соққының астына алды. Сериялық соққылардың қатты болғаны сонша, Кристианның артқа шегініп, сәл тәлтіректеп қалғаны байқалды. Осылайша, барлық он раундта Жәнібек Әлімxанұлының басымдығы айқын көрінді, жылдамдығы да баяулаған жоқ.

Әділ қазылардың шешімімен қазақ боксшысы жеңімпаз атанып, екі бірдей белбеудің иегері атанды. Айта кеткен жөн, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіби бокстағы 10 раундық жекпе-жегін алғаш рет өткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT