Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 28 наурызға жоспарланған кезекті жекпе-жегі кейінге қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram -дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлының 28 наурызда кіммен жұдырықтасатыны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар