Жәнібек Әлімханұлының WBC-тегі рейтингі тағы жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Әлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшылардың дәрежесі туралы кестенің жаңартылған нұсқасында Жәнібек 13-тен 15-орынға көтеріліп, өз дивизионының ТОП-15 құрамына енді. Ол бұған дейін 16-дан 15-орынға жоғарылаған болатын. Үздік үштікке америкалық Дэниэл Джейкобс, украиналық Сергей Деревянченко және бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия енген. WBC рейтингі бойынша әлем чемпионы - АҚШ-тық Джермалл Чарло, ал «франчайзингтік» чемпион – мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы 10 қараша күні канадалық боксшы Онолуносені (24-3-1, 8 КО) жеңіп, орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғап қалды. Жекпе-жек Калифорния штатындағы Фресно қаласында өтті.

Соңғы жаңалықтар