Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

None
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 14 мамырда таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде Хабар телеарнасынан көре алады.

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізген: ол британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістіріп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.


Соңғы жаңалықтар