Жәнібек Әлімханұлының нақты қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы боксшының PR менеджер Берік Сұлтан ресми түрде мәлім етті.

«Ресми! Жеңілмегендердің айқасы! Қарсылас анықталды. Жәнібектің қарсыласы 18 жекпе-жегінің бәрін жеңген, оның 15-ін нокаутпен ұтқан ганалық әккі боксшы Самир. 28 наурыз», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады.


Соңғы жаңалықтар