Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегінің датасы, қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы, айқастың өтетін орны және датасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Boxingscene.com-ның жазуынша, Әлімханұлының оппоненті – WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің «тұрақты» чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО).

Орта салмақтағы кездесу 10 раундқа есептелген және ол 26 маусым күні Лас Вегаста (АҚШ) Василий Ломаченко — Масаеси Накатани бокс кешінің андеркардында өтеді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 2020 жылдың қазанында шықты. Ол екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Кориюды (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберді.

Соңғы жаңалықтар