+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

2019 жылғы 23 қазан 13:31
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін канадалық 39 жастағы нигериялық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлының WBC-тегі рейтингі тағы жоғарылады Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксы стилін тарихта қалдыруға уәде берді

26 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.

Оның қарсыласы 24 рет жеңіске жетіп, (8 КО) екі мәрте жеңіліс тапқан. Бір айқаста тең түскен. Жалпы 27 жекпе-жек өткізген.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта ол канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT