Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат бокшының instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшының қарсыласы Стюард Макклел (27-3-3).

«Калифорния штатындағы барша қазақстандықтарды жекпе-жекті тамашалауға шақырамын. Көк туды ала келіңіздер!! Жеңісте жүздесейік», - деп жазады боксшы өзінің парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Сондай-ақ, бірден екі белдік иеленген Жәнібек Әлімханұлының рейтингі жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар