Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін айқасының қашан өтетіні анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін британдық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) қашан жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтетін күн ресми түрде белгілі болды.

Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, бұл жекпе-жек 21 мамырға жоспарланған. Айқас өтетін жер әзірге белгісіз.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Дэнни Дигнум болса, осы жылдың ақпан айында, алтыншы раундта британдық Грант Деннисті техникалық нокаутпен (17-4, 3 КО) жеңді.


Соңғы жаңалықтар