Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6КО) бұрынғы әлем чемпионына қарсы айқасы қазақстандықтар үшін тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы Qazaq style Нұр-Сұлтан уақытымен 21 қараша күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) Mandalay Bay Resort & Casino аренасындағы бокс кеші аясында рингке шығады. Жеңіліп көрмеген отандық боксшының қарсыласы WBA Regular, WBO Interim және WBC Silver нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21КО) болады. Жекпе-жек «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі. Эфир сағат 07:00-де басталады.

Шоудағы басты оқиға - Теренс Кроуфорд (37-0, 28КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17КО) айқасы болмақ.

Еске салайық, бұған дейін The Ring беделді журналының сайты барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингісін ұсынған боалтын. Онда бірінші орында орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин тұр. Жәнібек Әлімханұлы бұл тізімде жетінші орнын сақтап қалды.


Соңғы жаңалықтар