Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында жарақат алып қалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан өзінің youtube-арнасында спортшының жекпе-жекке дейін алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Айқасқа екі апта уақыт қалды. Осы жекпе-жек болмай қалады-ау деп уайымдадым. Спарринг кезінде Жәнібек бауырдан соққы жасау барысында сол қолының саусағын қатты жарақаттап алды. «Болды, саусағы сынды ғой» деп ойладым. Өйткені біз АҚШ-қа алғаш рет келгенде, бүйірден ұрған кезде, тура сол жерін сындырған болатын, біз оған жеті мың долларға ота жасаттық. Мен жекпе-жектің болмайтынына 95%-ға сенімді болдым, төрт ай бойы біз АҚШ-та болдық көп жұмыс істелді, қаншама тер төктік, жекпе-жек күзге ауысады-ау деп ойладым. Бірақ қолы сынбаған, сәл ауыртып алған», — деді менеджер Жәнібек туралы деректі фильмде.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 22 мамыр күні британдық спортшы Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, орта салмақта WBO титулын иеленген болатын.


Соңғы жаңалықтар