Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Қазақстандық орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшының командасы мәлімдегендей, Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып, жарыстан шықты. Енді қазақстандықтың рингке оралуы көктемнің соңында немесе жаздың басында болады деп күтілуде.

Жәнібек Әлімханұлының ақпан айындағы жекпе-жегі бойынша қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығып жатқан болатын.

Ол орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.


Соңғы жаңалықтар