Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде екі сатыға жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaq style» лақап атын танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 2 КО) WBO рейтингінде екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы спортшы өзінің instagram парақшасында жазды.

«WBO рейтингінде 15-ші орыннан 13-ші орынға көтерілдік. Жоспар бойынша келер жылы 1-ші орынға шығып чемпионға міндетті қарсылас атануымыз керек. Барымызды саламыз бұйыртса», - дейді спортшы.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 9 қарашада өткізетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ал соңғы айқасында Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы канадалықты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар