USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды

2021 жылғы 1 желтоқсан 01:25
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – WBO Дүниежүзілік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізіп, өз титулын қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді Australian Open: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

«Орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жоғарыда аталған міндетті жекпе-жек бойынша WBO тараптарға келіссөзді бастауға бұйрық етеді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөз өткізуге және келісімге келуге 20 күн беріледі», - деп мәлімдеді WBO-дан.

Айта кетейік, бұл хат Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирнге және Жәнібек Әлімханұлының менеджері Боб Арумға арналған.

Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) соңғы айқасын 21 қарашада Лас-Вегаста өткізді. Ол франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-5, 21 КО) белгіленген 10 раундтың 8-інші раундында техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақ боксшысы WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT