Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік ондыққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бок кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр. Бұл рейтингте бұрын 13-ші орында болған Жәнібек көрсеткішін едәуір жақсартып, оныншы орынға табан тіреді.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Қазақ бокс стилі» көктемде рингке қайта оралмақ.

Ал бірнеше күн бұрын боксшы 2020 жылғы жекпе-жектері жайлы мәлімдеме жасаған еді.




Соңғы жаңалықтар