Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осының алдында жетінші болған орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы үздік ТОП-15-тен шығып қалды.

Еске салайық, 22 мамырда «Қазақ стилі» лақап атымен белгілі боксшы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберіп, WBO тұжырымы бойынша «аралық» әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион – қазақстандық Геннадий Головкин. Ол IBF және IBO белдіктеріне ие.

Рейтингінің алғашқы «үштігіне» британдық кіші Крис Юбанк, мексикалық Хайме Мунгия және жапон боксшысы Риота Мурата енген.

Бұған дейін Boxrec.com сайтының үздік қазақстандық боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынған болатынбыз. ОндаЖәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) кейін екінші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар