Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздік ондығына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) 2021 жылдың қорытындысы бойынша ТОП-10 рейтингіндегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылғы рангтар туралы табельдің қорытынды шығарылымында Жәнібек сегізінші орында қалды. Алғашқы үштікті британдық Крис Юбэнк, Мексикадан келген Хайме Мунгия және ресейлік спортшы Магомед Мадиев құрайды. WBA Super әлем чемпионы - жапондық Риота Мурата, ал Кубаның өкілі Эрисланди Лара «қарапайым» титулға ие.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандық боксшы екі жекпе-жек өткізіп, оларда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брант пен француз Хассан Ндам Нжикамды мерзімінен бұрын жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар