Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерді нокаутпен ұтты

None
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ж.Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.

Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды.


Жәнібек әуелі қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін нокаут тіркелді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегін өткізіп, WBO чемпиондық белдігін қорғап қалды. Ал Стивен Батлер төртінші жеңілісіне ұшырады.

Ж.Әлімханұлы өзінің чемпиондық белдігін екінші рет сәтті қорғады.


Соңғы жаңалықтар