+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлы өзіне лақап ат таңдап алды

2019 жылғы 16 қыркүйек 09:14
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлы өзіне лақап ат таңдап алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы (7-0, 2 КО) Жәнібек Әлімханұлы енді рингке Qazaq style лақап атымен шығатын болады. Бұл туралы боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Кәсіпқой бокста әр боксшының лақап аты бар. Біреулері лақап атты өзі таңдайды, енді біреулерге жанкүйерлер қояды. Өздеріңіз жақсы білесіздер мені Америкада жанкүйерлер, бапкерлер Qazaq style деп атайды. Қазақстандық жанкүйерлер де осылай атап кетті. Көп ойланбастан лақап атымды QAZAQ STYLE деп атауды жөн көрдік. Онсыз да сіздер солай атайсыздар. Біз жәй ғана ресмилендіріп қояйық. Боксрекке (BoxRec немесе boxrec.com — кәсіпқой боксшылар туралы мәліметтер, рейтингтер сайты) енгізіп қойдық. Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды әлемге танытуға бар күшімізді саламыз! Жеңісте жүздесейік!», - деп жазды боксшы.

Еске сала кетсек, соңғы айқасында Жәнібек Әлімханұлы 27 рет жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Орта салмақтағы он раундқа созылған айқаста Әлімханұлы канадалықты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT