Жәнібек Әлімханұлы өзімен жекпе-жекке шыққысы келмейтін чемпиондарды сынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өзіне қарсы рингке шыққысы келмейтін чемпиондар мен танымал боксшыларды сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ стилі» басқа белбеу иелерімен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін тағы білдірді.

«Сен чемпион болсаң, титулы жоқтың бәрі сенімен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ал чемпиондар шыққысы келмейді. Чемпион чемпионмен ғана айқасады. Қайдасыңдар, чемпиондар? Мені танымал емес боксшылар мен чемпион еместер қызықтырмайды!» деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Жәнібек ең соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада Лас-Вегаста өткізіп, төрешілердің шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиден басым түсті.

Сол арқылы WBO белбеуін қорғап қалды. Титулдың өзі қазақстандыққа америкалық боксшы Деметриус Андрадеден «мұрагерлік жолмен» келген болатын.

Ол Әлімханұлымен айқасудан бас тартып, екінші орта дивизиондағы мансабын жалғастыруды құп көрді.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Соңғы жаңалықтар