Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жек алдында кездесті
2022 жылғы 20 мамыр 14:00

Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жек алдында кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу алдында кездесіп, көз түйістірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшылар өткен түнде журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда олардың алдағы жекпе-жекке дайындық барысы туралы жан-жақты айтылды.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум жекпе-жегі Лас-Вегаста 22 мамырда сағат 8:00-де басталады. Ол «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылғы Әлем және Азия біріншіліктерінде чемпион атанды. 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді. Бұған дейін 11 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарын қапы қалдырды. Олардың 7-і нокаутпен аяқталған.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT