Жәнібек Әлімханұлы: Маған рингте әлсіздердің керегі жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 3 қарашада өтетін кезекті айқасына тас-түйін дайын екенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мықтыны ұтсаң ғана мықты боласың. Мықтыны жеңгенде ғана чемпиондық белбеуге жақындайсың. Маған рингте әлсіздердің керегі жоқ. 3 қараша күні 13 жекпе-жегінің 12-ін ұтқан, тек 1 ғана жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен ұтылған Ван Александрмен жұдырықтасамын. Қазақ бокс стилін 3 қарашада әлем жанкүйерлеріне көрсетеміз», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өзінің Инстаграм парақшасында.null 

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласының кім екенін, кәсіпқой бокстағы дәрежесі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, 29 қыркүйекте Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокс рингіндегі өзінің үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар