Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Боксшының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

«Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Қазақ стилін тағы бір көрсететін сәт туды. Қарсылас осы аптада анықталады. Жеңісте жүздесейік!», - деп жазады Жәнібек Әлімханұлы өзінің instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

Сондай-ақ, бірден екі белдік иеленген Жәнібек Әлімханұлының рейтингі жоғарылады.





Соңғы жаңалықтар