+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксы стилін тарихта қалдыруға уәде берді

2019 жылғы 31 қазан 11:57
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксы стилін тарихта қалдыруға уәде берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) 9 қарашада өтетін айқасы бұрынғыдан өзгерек болатынына уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлының WBC-тегі рейтингі тағы жоғарылады Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

«Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз! Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар! Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рахмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-парақшасында.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізетіні бұған дейін хабарланған болатын. 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.

Ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT