+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

2021 жылғы 27 маусым 09:02
Бөлісіңіз:
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде ол америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) қолғап түйістірді. Қарсыласы - WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы.

Бүгінгі жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді. Дегенмен сегізінші раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Айта кетерлігі, алтыншы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіби бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Роб Брант үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Айта кетейік, Жәнібек бұл кеште «қазақ стилін көрсетуге» уәде еткен болатын. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы көрсетті.

Аталған жеңістен кейін қазақстандық спортшы WBO әлем чемпионы титулын қорғауға жақындай түсті. Ол бұған дейін америкалық Деметриус Андраденің (30-0, 18 КО) еншісіне бұйырған еді.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT