Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді
2020 жылғы 10 қазан 08:55

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек он раундқа есептелгенімен, кездесу екінші кезеңде бітті.

Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Г.Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді.

Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.

Ал 23 жастағы Г.Кория бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, соның үшеуінде ұтылып қалған болатын. Бұл – оның төртінші жеңілісі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегасқа келгенін жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT