Жәнібек Әлімханұлы қарсыластары ең көп қашатын боксшылар тізіміне енді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ESPN Ringside Twitter аккаунтында қарсылас табу қиынға соғатын боксшылар туралы жазба жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуетті қарсыластары ең көп қашатындардың арасында WBO орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. Сондай-ақ бұл тізімге Шакур Стивенсон, Джарон Эннис, Верджил Ортис және Давид Бенавидес те кірген.
Ресурста: «Дәл қазір қарсыластары ең көп қашатын боксшы кім?» деген сұрақ қойылып, үміткерлердің тізімі көрсетілген.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бұрынғы әлем чемпиондары Хайме Мунгия мен Деметриус Андраде бас тартқан болатын.

Фото: gettyimages.com


Соңғы жаңалықтар