Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласымен айқас алдында көз арбасты

None
Фото: Жәнібек Әлімханұлының баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшылар бүгін ресми баспасөз мәслихатында кездесті.

Жекпе-жек жексенбі, яғни 14 мамыр күні өтеді. Бұл кездесу 12 раундқа есептелген.

Қазақстандық чемпион титулын екінші рет қорғамақ.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді.


Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде «Хабар» телеарнасынан көре алады.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қараша айында өткізіп, британдық боксшы Дензель Бентлимен (18-2-1, 15 КО) жұдырық түйістірді.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Батлер желтоқсан айында америкалық Джошуа Конлимен (17-5-1, 11 КО) жекпе-жекте жеңімпаз атанған.

Соңғы жаңалықтар