Жәнібек Әлімханұлы – Хайме Мунгия ықтимал жекпе-жегі туралы айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com журналисі Франсиско Салазар қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Міне, Мунгия үшін тағы бір ықтимал қарсылас. Мен өзіндік стиль жекпе-жектерді жасайды деп ойлай бастағаннан кейін, маған Мунгия – Әлімханұлы жекпе-жегі қатты ұнайды. Бұл – салмақты айқас», — деп жазды Саласар Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы да Хайме Мунгиямен болуы мүмкін жекпе-жек туралы жиі айта бастады. Бастапқыда боксшымыз бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін айқасады деп жоспарланған болатын. Алайда әзірге олардың командалары келісімге келе алмады. Мунгияға келетін болсақ, ол WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша чемпион.


Соңғы жаңалықтар