Жәнібек Әлімханұлы: Бұл - менің ғана емес, елімнің жеңісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) мексикалық Кристан Оливаспен (16-5, 13 КО) болған айқас жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек Лос-Анджелесте өткен Василий Ломаченко - Энтони Кролла бокс кеші аясында төрешілердің шешімімен Оливастан басым түсіп, орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

«Бұл тек менің ғана емес, елімнің жеңісі. Бүкіл елдің белбеуі. Жеңіспен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңызды өзгеше сезіндім. Пікір қалдырғандарыңызға үлкен рахмет! Бұл тек бастамасы! Алла қаласа, қазақ стилін әлемге танытамыз!», - деп жазды Жәнібек инстаграмға.

Соңғы жаңалықтар