Жәнібек Әлімханұлы бос титул үшін Эскива Фалькаомен жұдырықтасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Inside the Ropes басылымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегіне түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Егер мүмкін болса, Жәнібек Әлімханұлының келесі жылы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бос титул үшін Эскива Фалькаомен жұдырықтасуын көре аламыз. Бұл біртүрлі, қызықты жекпе-жек», деп жазылған Inside The Ropes-тің Twitter-дегі парақшасында.

Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) кәсіпқой ретінде әлі титулдық жекпе-жек өткізген жоқ. Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы атағына келетін болсақ, ол америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), ал Жәнібек Әлімханұлы — оның міндетті үміткері. Алайда, көп ұзамай Андраде орташа салмаққа көтерілсе, оның белбеуі бос болады.

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа шығудан бас тартса, Дүниежүзілік бокс ұйымының тарапынан санкция салынуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар