Жәнібек Әлімханұлы англиялық боксшыға қарсы чемпиондық атағын қорғайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0,8КО) алғаш рет орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Boxingscene-ның хабарлауынша, Әлімханұлы 12 қараша күні Лас-Вегаста (АҚШ) шаршы алаңға шығып, англиялық боксшы Дензел Бентлиге (17-1-1,14КО) қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 22 мамыр британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 27 тамыз ресми қаулы шығарды, Деметриус Андраденің міндетті жекпе-жектен бас тартуына байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесін берді .



Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар